1961 жылы 16 тамызда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Солоновка ауылында дүниеге келді. 1980-82 жылдары әскер қатарында азаматтық борышын атқарды. Білімі арнаулы орта. 1988 жылы Алматы қаласының құрылыс техникумын аяқтаған. 1996-2006 жылдары Бұқтырма ауданаралық балық инспекциясында жұмыс атқарды. 2009 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін «Самай-Транс» ЖШС филиалының директоры. Бауыржан Зиядаұлы беделді де абройлы. Ол аз қамтылған жанұяларға, мүгедектерге, еңбек ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне үнемі көмек көрсетіп тұрады. 2011 жылы «Туған жерге тағзым» атты акцияның аясында ағайындарымен бірге ауылдық клубқа 12,5 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуі, Новохайрузовка ауылдық клубын спорттық құралдармен және бильярд столымен қамтамасыз етуі, 20 млн. теңгеге тойхана ғимаратын салуы Садуевтар әулетінің үлкен адамгершілігін көрсетеді. Аудандық мәслихаттың V шақырылымының депутаты.