1955 жылы 12 маусымда Катонқарағай ауданы Верх-Березовка (қазіргі Қайыңды) ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1962 жылы Чернова орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, мектепті 1972 жылы бітірді. Сол жылы Өскемен қаласындағы педагогикалық институттың жалпытехника факультетіне түсіп, 1977 жылы жалпытехника және физика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша институтты бітіріп, Чернова орта мектебіне мұғалім болып келді. Мектепте 1982 жылдың қараша айына дейін мұғалім болып қызмет істеді. 1982 жылдың қараша айында Чернова кеңшарының комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды. 1984 жылы Катонқарағай аудандық партия комитеті аппаратының үгіт-насихат бөліміне нұсқаушы болып ауыстырылды. Аудандық партия комитетінің аппаратында 1988 жылға дейін инструктор, лектор, партиялық комиссияның төрағасы қызметтерін атқарды. 1988 жылы аудандық партия комитетінің кезекті пленумында аудандық «Луч-Арай» газетінің редакторы қызметіне тағайындалды. 1989 жылы қайтадан аудандық партия комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі және партиялық комиссияның төрағасы қызметіне тағайындалды. 1991 жылы Катонқарағай ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі «Алтай» кеңшарының кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметіне сайланды. «Алтай» кеңшарында 1994 жылдың қыркүйек айына дейін жұмыс істеді. 1994 жылдан өмірінің соңына дейін Чернова орта мектебінің директоры қызметін атқарды.Аудандық мәслихаттың I, III, ІV, V шақырылымдарының депутаты.