1959 жылы 12 шілдеде Катонқарағай ауданы Чернова (қазіргі Аққайнар) ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Өскемен педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын Чернова орта мектебінде мұғалім болып бастаған. Өзін белсенді, қабілетті педагог екенін көрсете білді. Көп кешікпей комсомол ұйымына, содан кейін партиялық жұмысқа ауысты. Комсомолдық және партиялық органдарда көптеген жұмыстар атқарды, содан кейін оқу бөлімінің инспекторы болды. 1990 жылы бизнес бойынша өзінің жеке ісін ашты. Қазір жеке кәсіпкер. Нан өнімдерін шығарумен, саудамен айналысады. Ұйымдастырушылық қабілеті мол, іскер азамат ретінде танылған кәсіпкер қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Баян Мүтәйқызы аз қамтылған жанұяларға, ардагерлерге, қарт адамдарға үнемі демеушілік көрсетіп тұрады. Аудандық мәслихаттың V шақырылымының депутаты.