Меню

Страницы

Статья

Бұлғынов Мұхаметқали Тоқтарханұлы

1952 жылғы 20 ақпанда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Майемер ауылында дүниеге келді. Білімі арнаулы орта. 1967 жылы Көктерек орта мектебін бітірді. Мектептен соң 1968-75 жылдары кеңшарда еңбек етті. 1975-77 жылдары Саратов ауыл шаруашылығы техникумында оқыды. Оқудан кейін туған ауданындағы Ленин атындағы ұжымшарда механик-жабдықтаушы, инженер болып қызмет істеді. 1981 жылы өндірістік аумақтың меңгерушісі қызметіне тағайындалып, осы қызметті 1996 жылы ұжымшар тарағанша атқарды. 1996 жылы «Бірлік» шаруа қожалығын құрды. Кейін «Айдын» ШҚ-ның басшысы, әрі «Бұлғын-У» ЖШС-нің директоры болды. Жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. Катонқарағай ауданының құрметті азаматы. Аудандық мәслихаттың V шақырылымының депутаты.

Дата публикации
04 июля 2025
Дата обновления
04 июля 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы