1965 жылы 17 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы, Сенное ауылында дүниеге келген. Ұлты орыс. Білімі жоғары. Өскемен педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша бітірген. 1980 жылы Сенное сегізжылдық мектебін, 1982 жылы В.И.Ленин атындағы Болшенарым орта мектебін бітірді. Еңбек жолын Сенное сегізжылдық мектебінен бастады. 1983-85 жылдары әскер қатарында болып, азаматтық борышын өтеді. Әскер қатарынан келген соң Сенное сегізжылдық мектебінде тарих және дене тәрбиесі пәндерінің мұғалімі болып қызметін жалғастырды. 1989 жылдан зейнетке шыққанға дейін «Сенное негізгі орта мектебі» КММ-нің директоры қызметін атқарды. Аудандық мәслихаттың V шақырылымының депутаты.