1951 жылы 7 қаңтарда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Жұлдыз ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Жұлдыз орта мектебін бітірген соң, 1969 жылы Семей медицина институтына оқуға түсіп, 1975 жылы дәрігер терапевт мамандығын алып шықты. 1975-76 жылдары Өскемен қаласында интернатурадан өтті. Еңбек жолын Большенарым ауылында учаскелік терапевт болып бастады. 1999 жылдан осы уақытқа дейі Үлкен Нарын ауылындағы № 2 отбасылық дәрігерлік амбулаторияда аға терапевт қызметін атқарып келеді. «Қажырлы еңбегі үшін» медалінің иегері. Аудандық мәслихаттың ІV шақырылымының депутаты.