1959 жылы 12 мамырда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Майемер ауылында дүниеге келді. Білімі арнаулы орта. 1976 жылы Майемер орта мектебін бітірді. 1979-81 жылдары Өскемен кооператив техникумында оқыған. Еңбек жолын 1976 жылы «Карагандастрой» тресінде бастаған. Техникум бітіріп келген жас маман 1981 жылы Большенарым аудандық тұтынушылар қоғамына товаровед мамандығы бойынша қызметке кіреді. 1984-86 жылдары әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын өтейді. 1986-95 жылдары Новоберезовка ауылдық тұтынушылар одағының төрағасы болып қызмет атқарады. 1996 жылы «Ақнайман» шаруа қожалығын құрып, сол қожалықтың басшысы болады. 2005-2011 жылдары Катонқарағай аудандық мәслихатының ІІІ, ІV шақырылымдарының депутаты, аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы, кейін аудандық статистика басқармасының бастығы болып еңбек етті.Аудандық мәслихаттың III, ІV шақырылымдарының депутаты.