1968 жылы 1 тамызда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Большенарым ауылында дүниеге келді. 1987-89 жылдары Кеңес армиясы қатарында жауынгерлік борышын өтеді. Білімі жоғары. 1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын тәмамдаған. 1992-96 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшарда бөлімше агрономы болып еңбек етті. 1996-97 жылдары «Ақ бидай» шаруа қожалығының басшысы, 1997-2002 жылдары Катонқарағай жер инспекциясының бас маманы, 2002-2006 жылдары жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің төрағасы, 2006-2011 жылдары Катонқарағай жер кадастр бюросының меңгерушісі. 2011 жылдан бастап Новополяковка, Үлкен Нарын ауылдық округтерінің әкімі қызметтерін атқарды. Кейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Катонқарағай аудандық филиалының төрағасы болып тағайындалды. Аудандық мәслихаттың ІV шақырылымының депутаты.