Меню

Страницы

Статья

Қалибеков Тоқтасын Қалибекұлы

1950 жылы 20 желтоқсанда Катонқарағай ауданы Топқайың ауылында туды. Еңбек жолын 1967 жылы Черняховский атындағы кеңшардың екінші бөлімшесінде қатардағы жұмысшы болып бастайды. Осы жылдың аяғында кеңшардың жолдамасымен №16 кәсіптік-техникалық училищеде оқып, механизатор мамандығын меңгереді. 1968-71 жылдары кеңшарда тракторшы болып еңбек етеді. 1971-73 жылдары әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтейді. Әскерден қайтып келгеннен кейін кеңшарда механизаторлықты ары қарай жалғастырады. 1977 жылы кеңшардың жолдамасымен жүргізушілік курсты бітіреді де алты жыл автомашина руліне отырып, қажырлы еңбек етеді. 1983 жылы шаруашылықта егістікті күтіп-баптауға жаңаша еңбек тәсілі енгізіліп жатқан кезде Тоқтасын Қалибекұлы кеңшар басшыларына бірыңғай нарядпен жұмыс істейтін жалгерлік топ құру жөнінде ұсыныс жасап, артынан оған өзі жетекшілік етеді. Бұл міндетті ол екі жыл атқарып, басшылардың қалауымен №2 бөлімшеге басқарушылыққа ауысады. 1991 жылдың мамыр айында халық депутаттары Медведка ауылдық кеңесінің төрағалығына сайланып, бұл қызметті 1992 жылдың қарашасына дейін атқарады. Бұдан кейін «Жоғарыкатон» кеңшарының №4 бөлімшесінде басқарушы болып үш жыл істейді. 1995-1999 жылдар аралығында «Сәулет» концернінде орман учаскесін басқарады да, өзінің жеке шаруа қожалығын құрып біржола кәсіпкерлікке көшеді. Тоқтасын Қалибекұлы басқарған көпсалалы «Топқайың» шаруа қожалығы ауданда алдыңғы қатарлы қожалықтардың қатарынан көрінді. Аудан үшін сіңірген еңбегі ерекше бағаланып, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы атағы берілді, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Аудандық мәслихаттың II, III, IV шақырылымдарының депутаты.

Дата публикации
04 июля 2025
Дата обновления
04 июля 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы