Меню

Страницы

Статья

Қадырбаев Арқабек Шайморданұлы

1958 жылы 3 маусымда Катонқарағай ауданы Топқайың ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1981 жылы Семей мемлекеттік медициналық институтын бітіріп, Зырян қалалық ауруханысының базасында интернатурадан өтті. Еңбек жолын 1982 жылы Катонқарағай аудандық ауруханасында дәрігер хирург болып бастады. Жұмыс істеп жүрген мерзімі ішінде амбулаториялық жедел хирургияны, травматологияны, урологияны меңгерді. 1988 жылы «Құрсақ аймағы органдарының шұғыл хирургиясы» бойынша Павлодарға дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтында мамандандыру курсынан өтті. 1987 жылы екінші санатты, 1993 жылы бірінші санатты дәрігер-хирург атағын иеленді. 1998 жылы хирургия бөлімінің меңгерушісі болып орналасты. 1998 жылдың ақпан айынан бастап Катонқарағай ауылындағы «Катонқарағай аудандық №2 ауруханасы» ҚМҚК бас дәрігері болып қызмет атқарды. 2000-2001 жылдары «Реформалау жағдайындағы денсаулық сақтау саласының экономикасы және басқару» циклы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының жоғарғы қоғамдық мектебінде мамандандырудан өтті. 2001 жылы денсаулық сақтау саласының үздігі белгісімен, 2002 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің мақтау грамотасымен, 2005 жылы мерейтойлық медальмен марапатталды. Аудандық мәслихаттың III, IV шақырылымдарының депутаты.

Дата публикации
04 июля 2025
Дата обновления
04 июля 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Жуасов Асан Айтқұмашұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы