1968 жылдың 13 қазанында Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында дүниеге келді. Білімі орта. 1986 жылы Топқайың орта мектебін бітірді. 1986 жылдың күзінде әскер қатарына шақырылып, екі жыл Томск қаласында Отан алдындағы борышын өтеді. 1989-91 жылдары Томск қаласында теміржол саласында жұмыс істеді 1992-96 жылдар аралығында Катонқарағай ауданында жол саласында механизатор болып жұмыс атқарды. 1996-2000 жылдар аралығында «Баян» жеке шаруа қожалығына басшылық жасады. 2000 жылдан бері ПДУ жол саласының, «Шығыс жол» ЖШС басшысы болып қызмет атқаруда. Осы қызмет істеген уақыттарда талай жетістіктерге жетті, 2009 жылы Катонқарағай ауданы әкімінің «Ең үздік құрылысшы» дипломымен, бағалы сыйлықпен марапатталды. Шығыс Қазақстан облысы автомобиль жолдары департаментінің «Мемлекеттік маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» деген мақтау қағазымен марапатталды. Аудандық мәслихаттың ІV шақырылымының депутаты.