1961 жылы 15 тамызда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданының Ново-Хайрузовка ауылында дүниеге келді. 1978 жылы Ново-Хайрузовка орта мектебін бітірді. 1978-79 жылдары кооператив техникумында оқыды. 1987-89 жылдары Семей қаласындағы қаржы-экономикалық техникумын «Бюджеттік есеп» мамандығы бойынша сырттай бітірді. 1979-80 жылдары Бородино ауылында өнеркәсіп тауарларын сатушы болып жұмыс істеді. 1983-87 жылдары «Заводстрой» СУ «ЗырянСтрой» мемемесінде товаровед болып жұмыс жасады. 1988-89 жылдар аралығында «Зыряновскстрой» техникалық жабдықтау желісіне есепші болып ауысады. 1989 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылындағы ВК МХК-да өнімнің өзіндік құнын есепке алу жөніндегі есепші қызметін атқарады. 1997 жылдан бастап «Надежда» шаруа қожалығының басшысы. Аудандық мәслихаттың II, IV шақырылымдарының депутаты.