1959 жылы 15 ақпанда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Малонарым ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1976 жылы орта мектепті бітіріп, Жданов атындағы ұжымшарда қатардағы жұмысшы болып еңбек еткен. 1977-79 жылдары Кеңес әскері қатарында жауынгерлік борышын өтеді. 1979 жылы Өскемен педагогика институтына оқуға түсіп, 1983 жылы жалпытехникалық және еңбек пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан. 1983-85 жылдары Малонарым орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі, 1985-86 жылдары Жданов атындағы колхоздың комсомол комитетінің хатшысы, 1986-94 жылдары Солоновка орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі, 1996-2003 жылдары Солоновка орта мектебінің директоры болып еңбек еткен. 2006 жылдан бастап Солоновка орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Аудандық мәслихаттың ІV шақырылымының депутаты.