1964 жылы 1 қаңтарда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Большенарым ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Лениногор орман шаруашылық техникумын технолог мамандығы бойынша бітірген. 1983-85 жылдары әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын өтеді. 1987 жылы Сібір мемлекеттік технологиялық университетіне түсіп, 1994 жылы бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы 2-дәрежелі слесарь болып бастады. 1987-2005 жылдары орман шаруашылығында жұмысшы, питомник бригадирі, орман шебері, орманшының көмекшісі, инженер, Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты, Катонқарағай ауданы әкімі аппараты бойынша мобилизациялық дайындық және қорғаныс тобының бастығы, Большенарым орман шаруашылығында директор болып қызмет атқарды. Кейін Шығыс Қазақстан облысы Катонкарағай ауданы мемлекеттік мұрағатының директоры болып еңбек етті. Аудандық мәслихаттың III шақырылымының депутаты.