Меню

Страницы

Статья

Қалиахметов Бидахмет Қожахметұлы

1952 жылы 6 тамызда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Майемер ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1973 жылы Алматы қаласындағы халық шаруашылық институтының  инженер-механик факультетін бітірген. Еңбек жолын 1966 жылы Большенарым ауылында Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшарда автослесарь болып бастады. 1973-74 жылдары әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын  өтеді. 1974 жылы Большенарым аудандық комсомол ұйымның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып орналасты. 1977 жылдан 1982 жылға дейін Большенарым аудандық тұрмыстық қамту комбинатының бас экономисі, ҚР ҚМ ТК басқармасының жетекші тексерушісі, РӨКБ «Сельхозхимия» бас бухгалтері қызметтерін атқарды. 1982-96 жылдары аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, 1996-2004 жылдары аудандық әкімдік ТҮКШ меңгерушісі, аудандық МЗТО бөлімінің бастығы лауазымдарында болды. 2004-2005 жылдары аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды. 2005-2007 жылдары аудан әкімінің орынбасары болды. 2007-2008 жылдары бюджеттік жоспарлау және экономика бөлімінде, 2011 жылдан зейнеткерлікке дейін аудандық жұмыспен қамту орталығында жетекші маман қызметінде болды. Аудандық мәслихаттың III шақырылымының депутаты.

Дата публикации
25 июня 2025
Дата обновления
25 июня 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Жуасов Асан Айтқұмашұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы