Меню

Страницы

Статья

Карих Василий Федорович

1956 жылы 2 қазанда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Усть Нарым ауылында дүниеге келді. Ново-Хайрузовка орта мектебін бітірді. 1972 жылы Семей қаласындағы ГПТУ-27 байланыс учлищесіне оқуға түсіп, оны 1974 жылы бітірді. ГПТУ-27-ні бітіргеннен кейін Самара жедел-техникалық байланыс орталығына электромонтер мамандығына қабылданды. 1974-76 жылдары Кеңес әскері қатарында әскери борышын өтеді. 1977 жылы №5 РСҚ радиорелілік желіге электромеханик болып жұмысқа қабылданды. 1978 жылы сол цехтың аға электригі болып тағайындалды. 1978 жылы   облыстық радиотеледидар тарату орталығының Үлкен Нарын ауылындағы телестудияға 3-разрядты радио-телемеханик болып қабылданды. 1987 жылы облыстық тұрмыстық комбинатқа ауысып, директордың орынбасары болып қызметке тағайындалды. 1989 жылы облыстық байланыс торабына жұмысқа ауыстырылып, Ново-Хайрузовка  радиостанциясына  электрик болып жұмысқа орналасты. 1993 жылдан зейнеткерлікке дейін телекоммуникация торабында электромеханик болып жұмыс істеді. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі және облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін аудан, облыс әкімдігінің Құрмет грамоталарымен, «Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Аудандық мәслихаттың III шақырылымының депутаты.

Дата публикации
25 июня 2025
Дата обновления
25 июня 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы