1957 жылы 26 шілдеде Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Новоберезовка (қазіргі Алтынбел) ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1980 жылы Өскемен педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1974-92 жылдары Большенарым ауданы Малонарым ауылында орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Осы мектепте 1981-93 жылдары тәрбие ісінің меңгерушісі, 1993-2002 жылдары мектеп директоры болды. 2002-2006 жылдары Солоновка орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. 2006-2008 жылдары Катонқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, кейін Глубокий ауданы, Глубокий кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Аудандық мәслихаттың III шақырылымының депутаты.