1945 жылы 26 қаңтарда Катонқарағай ауданы Өрел ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1967 жылы Топқайың орта мектебінде мұғалім болып бастады. 1970 жылдан бастап басшылық қызметтерге тартылып Чернова, Е.П.Рыков атындағы мектептерде директордың орынбасары, аудандық оқу бөлімінде инспектор, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, жиырма жылға таяу уақыт Е.П.Рыков атындағы орта мектепте директор қызметтерін атқарды. Үшінші шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаттығына, хатшылығына сайланып, төрт жыл өкілетті органды басқарды. Халел Сәрсенбіұлының ұзақ жылдардағы жемісті еңбегі лайықты бағаланған. Ол үш рет БЛКЖО Орталық комитетінің грамоталарымен, бірнеше жыл қатарынан «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Қазақ КСР-і халыққа білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. 1989 жылы «Аға мұғалім» атағы берілді. Катонқарағай ауданының құрметті азаматы. Аудандық мәслихаттың III шақырылымының депутаты.