1947 жылы 6 қазанда Катонқарағай ауданы Аршаты ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Өскемен педагогикалық институтының жаратылыстану факультетін бітірген.1966 жылы Шынғыстай орта мектебін бітіріп, 1966-68 жылдары әскери борышын Архангельск қаласында өтеген. Еңбек жолын 1973 жылы Чернова орта мектебінде география-биология пәндерінің мұғалімі болып бастады. 1974-75 оқу жылында осы мектепте тәрбие ісінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1976-78 жылдары Ақсу орта мектебінің, 1978-84 жылдары Верх-Березовка мектебінің, 1984-87 жылдары Жамбыл орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. 1987 жылдан бастап Жамбыл орта мектебінде география, биология пәндерінің мұғалімі болып 2012 жылға дейін еңбек етті. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. Жамбыл орта мектебінің сол кездегі аудан, облыс бойынша алдыңғы қатарда болуына зор үлес қосып облыс, аудандық, республикалық мақтау қағаздары, алғыс хаттарымен марапатталды. Мектеп жанындағы интернаттың ашылуы, мектепке жеңіл көлік алуда Тельман Серікболұлы тікелей аудан, облыс әкімдеріне шығып, дәлелдеп сол жұмыстардың оң шешілуіне ықпал етті. Зейнеткерлік жасында да ауылдың ақсақалдар алқасының белсенді мүшесі, ауылдың, халықтың нағыз жанашыры бола білді. Аудандық мәслихаттың II шақырылымының депутаты.