Меню

Страницы

Статья

Қарашинова Райгүл Закейқызы

1955 жылы 25 сәуірде Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Солоновка ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1977 жылы Өскемен қаласындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген. Мамандығы бойынша орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек жолын 1977 жылы Большенарым ауданында мұғалімдік қызметтен бастады. 1985-93 жылдары Зырян ауданының Восточный ауылында бастауыш мектептің меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1986 жылы Зырян ауданының Березовка ауылдық кеңесінің депутаты болып сайланды. 1993-97 жылдары Катонқарағай ауданы әкімдігінің аппаратында маман болып жұмыс атқарды. 1997-99 жылдары Катонқарағай аудандық мәслихатында маман болып жұмыс істеді. 1999-2003 жылдары Катонқарағай аудандық маслихаты тексеру комиссиясының төрағасы болып қызмет атқарды. 2003-2005 жылдары мәслихат аппаратының маманы, 2005-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысының облыстық мұрағатында бас маман, 2007 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман болып еңбек етті. Аудандық мәслихаттың II шақырылымының депутаты.

Дата публикации
04 июня 2025
Дата обновления
04 июня 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы