1944 жылы 16 маусымда Катонқарағай ауданы Қызылжұлдыз ауылында дүниеге келді. Білімі арнаулы орта. 1960 жылы Чернова мектебінің 8-сыныбын бітірді. Еңбек жолын 1960 жылы Катонқарағай кеңшарының жұмысшысы болып бастады. 1963-64 жылдары Катонқарағай автобазасында, 1964-65 жылдары Катонқарағай кеңшарында жүргізуші болып жұмыс істеді. 1965-68 жылдары Ленинград қаласында әскер қатарында болды. 1968-79 жылдары Чернова кеңшарында жүргізуші, 1979-96 жылдары Чернова кеңшарының бригадирі, автомеханигі болып жұмыс істеді. Аудандық мәслихаттың II шақырылымының депутаты.