Меню

Страницы

Статья

Чунчубаев Калекпер Уалиұлы

1944 жылы 25 ақпанда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданының Мало-Красноярка ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Мало-Красноярка ауылында жеті жылдық орта мектепті аяқтап, Большенарым орта мектебін бітірді. 1963-66 жылдары әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын өтеді. 1971 жылы ауылшаруашылық техникумын жоғары нәтижемен аяқтады. 1982 жылы Жоғарғы партия мектебін бітірді. 1976 жылы Хайрузовка ауылында бригадир, механик, инженер болып жұмыс істеді. 1976-84 жылдары Калинин атындағы ұжымшарда партком хатшысы және төраға орынбасары болып жұмыс істеді. Кейінгі жылдары Катонқарағай және Большенарым аудандарында ауданаралық база  бастығы, Хайрузовкадағы нан қабылдау кәсіпорының бастығы, Хайрузовка ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды. 1999 жылы отбасылық жағдайға байланысты Өскемен қаласына қоныс аударды. 1999-2007 жылдары «Казцинк» металлургия комбинатында жұмыс істеді. 2007 жылы сәуір айында Өскемен қаласында зейнеткерлікке шықты. Аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты.

Дата публикации
02 июня 2025
Дата обновления
02 июня 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы