Меню

Страницы

Статья

Тумашинов Лұқбек Шабданұлы

1963 жылы 6 маусымда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Жұлдыз ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Н.В.Гоголь атындағы Нежин педагогикалық институтын, Шығыс Қазақстан Аймақтық Университетін бітірген. 1985 жылы жоғары білімді жас маман Большенарым ауданы Жұлдыз ауылындағы орта мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып келеді. Біраз жыл мектеп директоры, кейін Большенарым ауданы партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің инструкторы, аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Большенарым аудандық даярлау мекемесінің директоры, Большенарым ауданы аудандық тұтынушылар одағының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Шарапат» сақтандыру компаниясы филиалының бастығы болып жұмыс істеді. 2001 жылы Л.Тумашинов заман талабына сай жеке кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында «Нарын» ЖШС-н құрды. Соңынан «Элхон» ЖШС-н құрып, облыс көлемінде құрылыс жұмыстарымен айналыса бастады. Іскер басшы өз кәсібін дамытумен қатар, облыс көлемінде құрылыс жұмыстарын өте сапалы жүргізіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп, алғыстарын алды. 2009 жылы «Элхон» ЖШС «Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең үздік кәсіпорын» атанды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының бірнеше дүркін депутаты, Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы Лұқбек Шабданұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосумен қатар қоғамдық, мәдени, қайырымдылық істерде де алдыңғы қатардан көріне білді. Аудан өміріндегі барлық шараларға демеушілік жасап, қайырымдылық көмек көрсетіп отырады. Үкімет тарапынан еңбегі жоғары бағаланып «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты.

Дата публикации
02 июня 2025
Дата обновления
29 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы