1936 жылы 16 желтоқсанда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Бураново селосында дүниеге келді. Большенарым орта мектебін бітірген. Мектептен кейін Свинчатка ауылындағы ауыл шаруашылығы техникумына оқуға түсті. 1958 жылы ауылшаруашылығы механизаторы мамандығы бойынша техникумды бітірді. Техникумды бітіргеннен кейін Большенарым автобазасына слесарь болып жұмысқа орналасады. 1961 жылы осы ұйымның бас инженері, 1971 жылы директор болып тағайындалды. Ол осы ұйымда 53 жыл, зейнеткерлікке шыққанға дейін үздіксіз еңбек етті. Жемісті еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Еңбек ардагері», « Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Автомобиль және жол саласындағы лайықты еңбегі үшін Қазақстан Республикасының құрметті автомобильшісі атағын алды. Катонқарағай ауданының құрметті азаматы. Аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты.