Меню

Страницы

Статья

Құдайбергенов Төлеген Мерконұлы

1957 жылы 25 маусымда  Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Солдатово ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1974 жылы орта мектепті бітірген соң, Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығының механизациясы факультетіне оқуға түсіп, 1979 жылы бітірген. Еңбек жолын  Глубокое ауданының Опытное поле ауылындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік тәжірибелік ауыл шаруашылығы станциясында механик болып бастады. 1980-82 жылдары Калинин атындағы ұжымшарда бас инженер болып еңбек етті. 1982-84 жылдары әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеді. Әскер қатарынан босаған соң, Калинин атындағы ұжымшарда бас инженер қызметін жалғастырды. 1988-97 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшарда директор болып қызмет етті. 1997-98 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының қылмыстық атқару жүйесінің 08-156/13 мекемесінде директор болып еңбек етті. 1998 жылдан бастап Алматы қаласындағы №2 троллейбус паркінің бас инженері, бастығы қазметтерін атқарды. 2001 жылдан бастап Алматы қаласының №1 троллейбус паркінің бастығы қызметінде болды. Аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты.

Дата публикации
30 мая 2025
Дата обновления
30 мая 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Жуасов Асан Айтқұмашұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы