1941 жылы Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Үштөбе ауылында дүниеге келді. Жастайынан Ленин атындағы ұжымшарды дамытуға өз үлесін қосқан азамат. 1964-71 жылдарда ұжымшардың сүт фермасының меңгерушісі болып істесе, 1972-74 жылдары ірі қара малға жауап беретін аға зоотехник болып істеді. Кейін ұжымшар аумағында асыл тұқымды жылқы фермасының құрылуына байланысты бас зоотехник-селекционер болды. Үштөбе өндірістік учаскесіне басшылық жасады. 1993 жылы ұжымшар жұмысшыларының жалпы жиналысы Кенжебаев Тілеуханды ұжымшар бастығы міндетіне сайлады. Денсаулығына байланысты ұжымшар колхоз бастығының міндетін 1995 жылдың ортасына дейін атқарды да, ұжымшар тарағанша оның тексеру комиссиясының бастығы болды. Ұжымшардың шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлестері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты.