1959 жылы 9 ақпанда Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы Жұлдыз ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген.Еңбек жолын 1976 жылы «Большенарым» аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінде жұмысшысы болып бастады. Сол жылы Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы Юбилейный ауылының «Большенарым» аудандық мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің бөлім басқарушысы болып тағайындалды. 1990 жылы Юбилейный кеңшарында бас аграном, 1992 жылы Юбилейный кеңшарының директоры болып қызмет атқарды. 1997 жылы Катонқарағай ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалып, бұл қызметті 2003 жылға дейін атқарды. 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін Үлкен Нарын ауданында «Сұңқар» шаруа қожалығын басқарып отыр. Катонқарағай ауданының құрметті азаматы. Аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты.