1951 жылы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1975 жылы Семей медициналық институтын бітірген. Еңбек жолын Катонқарағай аудандық ауруханасында терапевт болып бастады, содан кейін бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. Баку, Алматы, Павлодар, Өскемен қалаларындағы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған біліктілікті арттыру институттарында біліктілігін арттырды. 1980 жылы Валентина Павловна жалпы тәжірибелік дәрігердің екінші санатын алып, ауданның бас дәрігері болды. 1997 жылы денсаулық сақтау жүйесіндегі реформаға байланысты СВА-ға учаскелік терапевт болып аусытырылды, сонымен қатар ауданның бас дәрігері қызметін атқарды. Валентина Павловна Қазақстан Республикасы жалпы тәжірибелік дәрігерлер конгресінің делегаты болды және ТМД елдері кардиолгтарының 1-ші және 2-ші сьезіне қатысты. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды. Аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты.