1958 жылы 1 маусымда Катонқарағай ауданы Печи (қазіргі Барлық) ауылында дүниеге келді. Білімі арнаулы орта. Өскемен мәдени-ағарту училищесін кітапханашы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Катонқарағай аудандық мәдениет бөлімінде бастап, оқу залының меңгерушісі, орталық кітапхана директоры болды. 1992 жылы аудандық Халық депутаттар кеңесінің бас референті болып, ал 1994 жылы аудандық мәслихаттың ұйымдық бөлімінің меңгерушісі болып ауыстырылды. 1995 жылы аудандық Мәслихат-Депутаттар жиналысының хатшысы болып сайланды. 1997 жылы аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланып, 1999 жылы депутаттық өкілеттігінің аяқталуына байланысты лауазымынан босатылды. 2000 жылы Қазақстан Халық Банкінде бас менеджер болып қызмет атқарды. 2010 жылы ұзақ, мінсіз және кіршіксіз қызметі үшін «Алтын белгі» төсбелгісімен және белсенді жұмыс атқарғаны үшін алғыс хаттармен, грамоталармен марапатталған. Аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты.