1957 жылы 27 қыркүйекте Катонқарағай ауданы Топқайың ауылында дүниеге келді. 1974 жылы Топқайың орта мектебін бітірді. Еңбек жолын Черняховский атындағы қой кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1975-77 жылдары әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын өтеді. 1977-79 жылдары осы кеңшарда механизатор болып еңбек етті. 1979-82 жылдары Өскемен, Алматы қалаларындағы ауылшаруашылық есепшілерін дайындайтын мамандандырылған оқу орындарында және қысқа мерзімді курстарда оқып, есепші мамандығын алып шықты. 1980-84 жылдары кеңшардың құрылыс бөлімінде, материалдық есептеу бөлімінде аға есепші болды. 1984-92 жылдары кеңшардың бас есепшісінің қызметін атқарды. 1992-95 жылдары Топқайың бөлімшесінің бөлімше басқарушысы, Черняховский атындағы қой кеңшары кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1996 жылдан бері «Жанарбек» шаруа қожалығын құрып, жеке кәсіппен айналысады. Аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты.