Меню

Страницы

Статья

Сансызбаев Мейрам Базарханұлы

1962 жылы 13 қыркүйекте Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Алматы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген. Еңбек жолын Шемонаиха ауданы Верх-Уба орман шаруашылығында бастады. 1986-96 жылдары Катонқарағай ауданында әр түрлі лауазымдарда, ішкі істер органында қызмет атқарды. Ленин атындағы орта мектептің мұғалімі, комсомол ұйымы бөлім меңгерушісінің орынбасары, комсомол ұйымының бөлім меңгерушісі, Катонқарағай аудандық кәсіподақ комитеті жұмыскерлерінің аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің хатшысы, Катонқарағай аудандық кәсіподақ комитеті жұмыскерлерінің аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің төрағасы, Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары, жер қатынастар бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. Мейрам Базарханұлы 1994 жылы жаңадан жасақталған Катонқарағай аудандық мәслихатының бірінші шақырылымының хатшысы болып сайланып, аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалуына байланысты босатылды. Кейін Зырян ауданындағы ішкі саясат бөлімінде бас маман, аудан әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды. «Мінсіз қызметі үшін» медалімен, Ішкі істер министрлігіндегі қызметі үшін төс белгісімен, мақтау қағаздармен марапатталған. Катонқарағай аудандық мәслихатының I шақырылымының депутаты.

Дата публикации
29 мая 2025
Дата обновления
29 мая 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы