1951 жылы 24 қыркүйекте Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1974 жылы Өскемен педагогикалық институтын химия-биология мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Шыңғыстай ауылындағы С.Торайғыров атындағы орта мектепте мұғалім болып бастады. Содан бастап еңбек жолы тек сол мектепте ғана жалғасады. Жалпы 37 жыл еңбек өтілі қазіргі Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебімен байланысты. 23 жыл осы мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып жемісті еңбек етті. Жоғары санатты ұстаз 2010 жылы зейнеткерлікке шықты. Ұзақ жылғы жемісті еңбегі өкімет тарапынан бағаланып, министрліктің, облыстың, ауданның көптеген құрмет грамоталарына ие болды. Аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты.