1955 жылы 22 мамырда Катонқарағай ауданы Өрел ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1980 жылы Семей қаласындағы зооветеринарлық институтының ветеринария факультетінде оқып, дәрігер-ветеринар мамандығын игеріп шықты. 1984-86 жылдары Марксизм-Ленинизм университетін оқып бітірді. Еңбек жолын Өрел кеңшарында дәрігер-ветеринар болып бастады. 1984-97 жылдары осы кеңшарда бөлім бастығы, ветеринар бөлімінің бас дәрігері, шаруашылықтың орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды. 1998-2000 жылдары Зырян ауданы Маяк ауылында мал және егін шаруашылығының цех бастығы болып қызмет етті. 2000-2005 жылдары «ҚР АШМ Өскемен қалалық аумақтық басқармасы» ММ-де бас ветеринар инспекторы болып жұмыс істеген. 2005 жылдан бастап «Жәрдем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ветеринарлық дәрігір-сарапшы болып қызмет атқарды.
Аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты.