Меню

Страницы

Статья

Қазанов Жанболат Байрахметұлы

    ҚАЗАНОВ  ЖАНБОЛАТ БАЙРАХМЕТҰЛЫ

1969 жылы 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы, Балғын ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Орта Азия университетін экономика мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан өңірлік университетін заңгер, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ университетін Көлік құрылысы мамандығы бойынша бітірген.  Еңбек жолын 1991 жылы Семей былғары комбинатында бөлуші  болып бастаған. Кейін Глубокое мыс балқыту зауытында агломератор, "Элхон"ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді.2011 жылдан бастап "Ақ Найман" шаруа қожалығының басшысы, одан кейін "Мұзтау и К" ЖШС (жалдау) және "Тереза" ЖШС (құрылыс қызметі) директоры болып жұмыс істеді. Жанболат Байрахметұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, аудан халқының тұрмысын жақсартуға, кәсіпкерлікті дамытуға, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге, мәдени нысандарды қалыпқа келтіруге барынша қолдау көрсетеді.Жанболат Байрахметұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, аудан халқының тұрмысын жақсартуға, кәсіпкерлікті дамытуға, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге, мәдени нысандарды қалыпқа келтіруге барынша қолдау көрсетеді. Туған Балғын ауылының өсуі мен өркендеуіне елеулі үлес қосты. Балғын ауылындағы тұрғындарды оңтүстіктен солтүстікке бағдарламасы бойынша аймақтардан көшіру үшін өз есебінен бес үй сатып алды. Ауданда өткізілетін іс-шараларға демеушілік жасайды. "Аманат" партиясының белсенді мүшесі. Оның жемісті еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып, Құрмет ордендерімен, "Еңбек сіңірген құрылысшы", "Құрметті жолшы", "Халық ризашылығы", Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалімен марапатталды. 2023 жылғы 7 сәуірде Жанболат Байрахметұлына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін VIII сайланған II сессия мәслихатының №2/10-VIII шешімімен "Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы"атағы берілді.

Дата публикации
28 августа 2024
Дата обновления
01 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Жуасов Асан Айтқұмашұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы