
ЖАНАБАЕВ ЖАНАР ЖАҢАБАЙҰЛЫ
1961 жылы 11 сәуірде Катонқарағай ауданы Өрнек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын ветеринария мамандығы бойынша бітірген. 1989 жылы марксизм-ленинизмді насихаттау бойынша университеттің Экономика факультетін, 2001 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Медведка ауылындағы Черняховский совхозында (Қазіргі Белқарағай) мал дәрігері болып бастаған. 1990 жылға дейін-Черняховский совхозының кәсіподақ ұйымының төрағасы, 1993 жылға дейін-осы совхоздағы аңшылық шаруашылығының бригадирі. 1993 жылдан 2011 жылға дейін аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап "Өртас" ЖШС басшысы. V,VI,VIII сайланған Катонқарағай аудандық мәслихатының депутаты. Жанар Жаңабайұлы Катонқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, бұқаралық спорттың дамуына ықпал етеді, оның ішінде ат спортының дамуына өз үлесін қосады.Спорт саласына және мұқтаж адамдарға үнемі демеушілік жасайды. Ауданда кентішілік жол құрылысына көп көңіл бөліп оның ішінде көше жолдарына қара жабынды, тас үгіндісін төсеуге және көшелерді электрлік жарықтандыруға ықпал етті. Қоғамдық өмірде өте белсенді. Жемісті жұмысы үшін ішкі істер саласының медальдарымен, Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл, Шығыс Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл, Катонқарағай ауданына 90 жыл мерейтойлық медальдарымен, министрліктің, облыстың, ауданның грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.2023 жылғы 5 шілдеде Катонқарағай аудандық мәслихатының VI сессиясының шешімімен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.