Меню

Страницы

Статья

Оралхан Бөкей

 ОРАЛХАН БӨКЕЙ 1943 жылы 28 қыркүйекте Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келді. 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң, сол мектепте аға пионер вожатый және «Алтай» совхозында тракторшы болып жұмыс істеді. 1969 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін тәмамдады. Өзінің атағын айдай әлемге паш еткен шығармашылық жолын Большенарым аудандық «Еңбек туы» газетінен бастаған Оралхан Бөкейұлы Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы», республикалық «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында және «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет ете жүріп жалғастырды.1991 жылы өзі құрған Ауылдағы қазақ қаламгерлерінің ұйым серіктігі «АҚҚҰС»-қа президент болып сайланды.
Оралхан Бөкей әдебиеттің проза және драматургия жанрларында жемісті еңбек етті. Оның қаламынан туған «Қамшыгер», «Үркер», «Қайдасың, қасқа құлыным?», «Мұзтау», «Ән салады шағылдар», «Өз отыңды өшірме», «Ұйқым келмейді» және тағы басқа кітаптары, роман, повесть, әңгімелері оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіп, сыншылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Шынайы көркем шеберлік, өмір шындығы мен адам мінезін терең білу, нәзік сезім, асқақ рух - О.Бөкей шығармаларына тән қасиеттер. Ол - сөздің бар бояуын, көркем тілдің мүмкіндігін молынан, құлпырта пайдалана білген суреткер.

Оның драмалалық шығармалары шет елдерде қойылып, республика және облыс театрларының сахнасынан түспей келеді. Сондай-ақ, шығармалары бойынша кинофильмдер де түсірілді.

Жазушының жүрекжарды төлтумалары ағылшын, неміс, чех, словак, болгар, венгер, араб, қытай, жапон тілдеріне және таяу шет елдер халықтарының тілдеріне аударылды.

Қазақ әдебиетін дамытуда сіңірген еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталған.

1989 жылы 22 маусымда  аудан тұрғындарының тыныс-тіршілігі мен қызметін өз шығармаларына арқау етіп, белсенді насихаттағаны  үшін Оралхан Бөкейұлына халық депутаттарының Катонқарағай аудандық Советі атқару комитетінің №8-215 шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.    

Дата публикации
08 февраля 2023
Дата обновления
29 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы