Меню

Страницы

Статья

Баекин Құмархан Байбосынұлы

 БАЕКИН ҚҰМАРХАН БАЙБОСЫНҰЛЫ 1926 жылы 26 маусымда Катонқарағай ауданы Шыңғыстай  ауылында дүниеге  келген. Әкесі  Байбосын   1936 жылы «Халық  жауы»  деген жаламен  қамауға  алынып,  Катонқарағайдағы түрмеде көз жұмады. Әкеден  жастай  қалған  апайы Айтбала  мен інісі  Құмарғали  үшеуін  анасы  Тұрсын  «аузына тістеп»  жүріп  ер  жеткізеді.   Ұлдың  үлкені  болғандықтан оған он  жасынан бастап   ұжымшарда өзінің  шамасы келетін жұмыстарды істеуге тура келеді. Жастайынан бұғанасы қатпаған бала екеніне қарамастан бұзау, түйе бағады, ұжымшарда есепші  болады.  1950 жылдан бастап ол біржола мал шаруашылығына  бет бұрады.  Алдымен  «Молотов» ұжымшарында жылқы, сиыр бағып, одан соң  «Алтай» кеңшарында  ұзақ жылдар бойы аға шопан болып,  жолдасы  Әсипә екеуі кеңшардың қойын бағады. Осы жылдарда ол қыр-сырын бала жасынан меңгерген жұмысына өте жауапкершілікпен қарап, қоғам малын аман алып қалу үшін жанын аямай еңбек етіп, мал баққандар арасында ерекше көзге түседі.
Құмархан Байбосынұлының ұзақ жылдардағы жемісті еңбегі мемлекет тарапынан  лайықты  бағаланып, «Ленин», «Октябрь Революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, Қазақ КСР-інің Құрмет Грамоталарымен марапатталады. Екі мәрте Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.  Бүкілодақтық ауылшаруашылық жетістіктері көрмелерінің алтын, күміс медальдарын кеудесіне таққан.

1998 жылы 24 маусымда ауданның  ауыл шаруашылық  саласына қосқан  зор еңбегі үшін Құмархан  Байбосынұлына I шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  XVII сессиясының  №17/4-I шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.       

 

 

Дата публикации
08 февраля 2023
Дата обновления
29 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы