Меню

Страницы

Статья

Нұрбаев Ержан Ақтанұлы

НҰРБАЕВ ЕРЖАН АҚТАНҰЛЫ
1963 жылы 27 қарашада Шығыс  Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Берел ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Зырян (қазіргі Алтай) қаласындағы Зырян ет комбинатының шұжық цехында жүк тиеуші болып бастаған. 1990 - 93 жылдары – райкоопзаготпромторгта дайындаушы, 1993 - 97 жылдары - «Арлан» МКҚК директоры, 1997 - 99 жылдары - «Найман» ЖШС директоры, 1999 - 2003 жылдары - Өскемен ұн зауытының директоры, 2003 - 2007 жылдары - «Ақ-Нұр Холдинг» ЖШС директоры, 2007 - 2019 жылдары «ВостокАгроХолдинг» ЖШС директоры болып бизнес саласында жемісті еңбек етіп, толағай табыстарға жетті. 2019 -2020 жылдары  Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. 2020 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Нарықтық экономиканы жетік меңгерген, кәсіби білімі мен біліктілігі бір басына жетерлік жалынды азамат туған жерінің, өз ауылының өсіп өркендеуіне де елеулі үлес қосып келеді. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының IV,V,VI шақырылымдарының депутаты. «Құрмет» орденінің иегері.

2022 жылы 28 желтоқсанда ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Ержан Ақтанұлына VII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXII сессиясының №25/317-VII шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

.

Дата публикации
03 февраля 2023
Дата обновления
29 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы