Меню

Страницы

Статья

Бралинов Дүйсен Зағыпранұлы

БРАЛИНОВ ДҮЙСЕН ЗАҒЫПРАНҰЛЫ
1959 жылы 3 қазанда Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1980 жылы Өскемен педагогикалық институтын, 2011 жылы Шығыс Қазақстан Аймақтық Университетін бітірген.

1980-1985 жылдар аралығында Жамбыл орта мектебінде мұғалім, 1985-1987 жылдар аралығында осы мектепте оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары, 1987-2007 жылдар аралығында Жамбыл орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. 2007 жылы аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды. Дүйсен Зағыпранұлы – аудандық мәслихаттың IV, V, VI, VII шақырылымдарының хатшысы.

Аудандық мәслихаттың хатшысы ретінде атқарушы билікпен тіл табысып, аудан халқының әлеуметтік мәселелерін шешуге бар күшін жұмсады. Ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына, аудан халқының тұрмысын жақсартуға, шағын кәсіпкерліктің дамуына, жергілікті маңызы бар жолдардың жөнделуіне, ауылдардағы ауыз су мәселесінің шешілуін, мәдени, медициналық, пошта, телефон байланыстарының халыққа дұрыс көрсетілуін үнемі басты назарда ұстап, барынша қолдау көрсетіп отырды. Аудан халқының, депутаттар арасында мәслихат аппараты қызметкерлері арасында жоғары беделге ие.  Мінезі халыққа жағымды, қарапайым, көпшіл. Дүйсен Зағыпранұлы қай істе болса да жан-тәнін сала, ізденімпаздықпен, қарапайым халықтың жағдайын ойлай отырып қызмет атқарды. «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі. Д.Бралинов еңбектегі жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің озық  қызметкері» төсбелгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен,  «Парламенттің 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына жиырма жыл», «Шығыс Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, ауданымыздың дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ауданымызда шығарылған «Өр Алтай арысы» медалімен  марапатталған. «Аға мұғалім» атағы бар. Отбасылы, үш бала тәрбиелеп, өсірген.

2022 жылы 12 қазанда ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Дүйсен Зағыпранұлына VII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXII сессиясының №22/294-VII шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
03 февраля 2023
Дата обновления
29 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Жуасов Асан Айтқұмашұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы