Меню

Страницы

Статья

Алдабергенов Әділбек Қалибекұлы

 АЛДАБЕРГЕНОВ ӘДІЛБЕК ҚАЛИБЕКҰЛЫ
1961 жылы 6 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысы Большенарым (қазіргі Катонқарағай) ауданы, Жұлдыз ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Рязань қаласындағы әуе-десантшылар командирлерін даярлайтын жоғарғы училищені, Мәскеу қаласы Фрунзе атындағы әскери академияны бітірген.

Әскери еңбек жолын 1984 жылы Алматы облысы Қапшағай қаласы, арнайы мақсаттағы 22-ші жеке бригадасында  арнайы мақсаттағы топ командирі лауазымынан бастайды.

1985-86 жылдары Ауған Демократиялық Республикасы Забуль провинциясы Шахджой елді мекенінде интернационалдық борышын өтеді. Отряд тарихында ең алғашқы болып лейтенант Алдабергенов жаудың керуеніне тосқауыл ұйымдастыру бойынша  әскери жорыққа шықты. Жауынгерлік қызметі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.

Әскери қызметін Германияда, Ресейде жалғастырған Әділбек Қалибекұлы 1992 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне қызмет ауыстырады. Қапшағай қаласындағы 35-ші жеке гвардиялық әуе-десант бригадасының парашют-десант батальоны командирінен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасарына дейін көтеріледі.  

Еліміз Тәуелсіздігін алған кездегі жаңа жас мемлекеттің қорғаныс саласын құру, күшейту, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  Қазақстан әскерлерінің рухты, батыл, білімді де білікті болуы жолында бар білгені мен түйгенін үйретуге, шекарамызды шегендеп, қорғанысымызды бекемдеуге саналы өмірін   арнаған  Ә.Алдабергеновтің   жоғары моральдық қасиеттерін бағалай келіп, патриоттық, азаматтық антына  адалдығы үшін  2007 жылы 7 мамырда  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің № 323 Жарлығымен генерал-майор әскери атағы берілді. II дәрежелі «Айбын», I,II дәрежелі«Даңқ» ордендерінің, көптеген медальдардың иегері атанды.

2020 жылы 25 желтоқсанда өз іс-қызметі арқылы аудан беделін көтеріп, жастарға патриоттық тәрбие бергені үшін Әділбек Қалибекұлына VI шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XLVI сессиясының №46/411-VI шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Дата публикации
03 февраля 2023
Дата обновления
26 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Жуасов Асан Айтқұмашұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы