Меню

Страницы

Статья

Бутаков Сергей Николаевич

 БУТАКОВ СЕРГЕЙ НИКОЛАЕВИЧ
1952 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым (қазіргі Катонқарағай) ауданы Большенарым ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1969 жылы Ленин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Алматы қаласындағы ауылшаруашылық институтынына оқуға түсіп, 1974 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі процестерін механизациялау мамандығын алып шығады.

Сергей Николаевичтің  институттан кейінгі барлық еңбек жолы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Ол өзінің алғашқы еңбек жолын Большенарым ауылындағы  АКТУ (СПТУ)-да оқытушы болып бастайды. Өз ісіне мығым, жалынды жас біраз жылда Большенарым аудандық атқару комитетінің төрағасына дейін көтеріледі. 1991 жылы аудан әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалады. 1997-99  жылдары Қазақ майлы дақылдар тәжірибе станциясының бас инженері, 1999-2016 жылдары облыстық ауыл шаруашылық басқармасының механизация және жаңа технология бөлімінің басшысы  болып еңбек етті.

Сергей Николаевич облыс және аудан ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Тыңға 50 жыл» мерекелік медальдарымен, аудан әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған. «Үздік мемлекеттік қызметші» атағы бар.

2016 жылы 17 маусымда  ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жемісті еңбегі үшін Сергей Николаевичке VI шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  III сессиясының  № 3/31-VI шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 февраля 2023
Дата обновления
23 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы