Меню

Страницы

Статья

Бастаногов Иван Михайлович

 БАСТАНОГОВ ИВАН МИХАЙЛОВИЧ 1925 жылдың 23 ақпанында Катонқарағай ауданының Медведка (қазіргі Белқарағай) ауылында дүниеге келді. Ұлты – орыс. 1945 жылға дейін Қиыр Шығыстағы 1121 артилерия полкының  телефон байланысшысы болып қызмет атқарды. 1945 жылы  тамыз айында  Жапон соғысына қатысты.
1945 жылы денсаулығының күрт нашарлауына байланысты госпитальда алты ай емделіп, екінші топтағы мүгедек болғандықтан әскери қызметтен босатылып, туған жеріне оралды. Соғыстан кейін «Қызыл Алтай» ұжымшарында қызмет етті. 1955 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін он сегіз жыл Медведка орман шаруашылығында орманшы, он төрт жыл омарташы болып қызмет атқарды. Жетпіс жылдан астам уақыт тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан жұбайы Ульяна Ивановна екеуі екі ұл өсіріп, тәрбиеледі.  

Иван Михайлович соғыс жылдарындағы ерліктері мен бейбіт өмірдегі адал еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жапонияны жеңгені үшін»,  «Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуков», «Еңбек ардагері» медальдарымен және көптеген мерекелік медальдармен, алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

2015 жылы 16 маусымда өз іс-қызметі арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Иван Михайловичке Катонқарағай аудандық мәслихатының ХХХI сессиясының 31/247-V шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Дата публикации
02 февраля 2023
Дата обновления
10 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы