Меню

Страницы

Статья

Федоров Алескей Кириллович

ФЕДОРОВ АЛЕКСЕЙ КИРИЛЛОВИЧ 1939 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Қосқұдық ауылында дүниеге келген. 1956 жылы мектеп бітірген соң, 1956-1958 жылдары Алматы үй құрылыс трестінде плотник болып еңбек еткен, 1958 жылы Алматы ауыл шаруашылық институтының орман шаруашылығы факультетіне оқуға түсіп, бітірген соң жолдамамен Большенарым орман шаруашылығына бас орманшы қызметіне жұмысқа орналасады. 1965-1970 жылдары Большенарым аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1970-1973 жылдары аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, 1973-1975 жылдары аудандық партия комитетінің екінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1975-1977 жылдары Москва қаласында жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, 1977-1980 жылдары Зырян аудандық атқару комитетінің  төрағасы болып еңбек еткен. 1986-1989 жылдары Катонқарағай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған. Халықпен етене араласып, шалғай ауылдар мен шопан отарларын атпен аралап жүретін іскер басшы ауданға тың серпін әкілді. Еңбек адамдарының жағдайын жақсарту, тұрғын үйлерді көптеп салу, жас мамандарды басшылық қызметтерге тарту, егін шаруашылығын жаңа бағытта дамыту, сол кездің өзінде шағын кәсіпкерлікті нығайту секілді істері аудан өміріне елеулі өзгерістер әкелді.
Алексей Кириллович 1989-1991 жылдары Таврия аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1991-1997 жылдары облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1997 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққан.  

2009 жылы 18 ақпанда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген зор еңбегі үшін Алексей Кирилловичке IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының ХІ сессиясының №11/113-ІV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
01 февраля 2023
Дата обновления
02 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы