Меню

Страницы

Статья

Т.Рақымжанов

 РАҚЫМЖАНОВ ТӨЛЕГЕН РАҚЫМЖАНҰЛЫ 1938 жылы Катонқарағай ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Шыңғыстай орта мектебін, кейін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік Университетінің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. Бүкіл саналы ғұмырын еліміздің шығысындағы Төр Алтайдың Еңбек орта мектебінде шәкірт тәрбиелеуге арнаған ұстаз – ақын. 1961 жылдан бері туған ауылында қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып қызмет істеді. Білім саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағымен бағаланған. 1999 жылы катонқарағайлық жеті ақынның «Ағажай, Алтайдай жер қайда» деген атпен шыққан кітабына өлеңдер топтамасы енген. Төлеген Рақымжанұлының «Буырқанған Бұқтырма», «Туған жер сені жырлаймын», «Асылдарым» атты жыр жинақтары, кейіннен балаларының жинақтауымен «Өлеңмен өрілген өмір» атты кітабы оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Аудан тарихын, осы ауданды мекен еткен халықтың шежіресін терең білетін Төкеңнің қарымды қаламынан шыққан туындылары өскелең ұрпақты адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеп, арман биігіне жетелейтіндігімен құнды. Туған жерінен ешқайда аттап баспай, Алтайдың ұлылығы мен сұлулығын асқан шабытпен жырлап, ауыл адамының бейнесін айнытпай салған арқалы ақын Катонқарағай өңірінен алғашқылардың бірі болып Қазақстан Жазушылар одағына мүшелікке өтті.
2008 жылы 23 желтоқсанда аудан көлеміндегі рухани құндылықтарды байытуға қосқан зор үлесі үшін Төлеген Рақымжанұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының IX сессиясының 9/102-IV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
31 января 2023
Дата обновления
01 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы