Меню

Страницы

Статья

Әлхамов Мақұлбек Әлхамұлы

 ӘЛХАМОВ МАҚҰЛБЕК ӘЛХАМҰЛЫ 1928 жылы15 қазанда Катонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. 1935 жылы Шыңғыстай орта мектебіне бірінші сыныпқа барады. 1942-1945 жылдары тұрмыс тапшылығына байланысты сабағын жалғастыра алмай, Ұлы Отан соғысы кезінде ұжымшарда жұмыс істейді. Соғыс аяқталған соң 1945-1948 жылдары оқуын одан әрі жалғастырып, Шыңғыстай орта мектебінен 10-сыныпты бітіреді. Орта мектепті бітіргеннен кейін бір жыл аудандық «Қызыл отау» меңгерушісі болып істейді де,1949 жылы әскер қатарына шақырылып, Отан алдындағы борышын өтейді. 1952 жылдан 1989 жылға дейін партия-кеңес жұмыстарына араласып, аудандық комсомол, партия комитеттерінде хатшы, нұсқаушы, аудандық атқару кеңесінде төрағаның бірінші орынбасары, «Чернова», «Өрел» кеңшарларында партия ұйымдарының хатшысы, «Алтай» кеңшарында кәсіподақ ұйымының төрағасы сияқты лауазымдық қызметтерді атқарады. 1960-1965 жылдары сырттай жоғары партия мектебін бітіреді. Басшылық қызметтерді атқара жүріп Мақұлбек Әлхамұлы ауданда атқарылып жатқан игі істерге өз үлесін қосады. Бірнеше рет ауылдық және аудандық кеңестің депутаты болып сайланады. 1970-1985 жылдары Катонқарағай аудандық партия комитетінің және партиялық комиссияның, 1985-1989 жылдары аудандық кәсіподақ президиумының мүшесі болады.
Мақұлбек Әлхамұлының ұзақ жылдардағы адал еңбегі «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Еңбек ардагері», «Тыл ардагері», «Тың игеру», «Тыңға 50 жыл», «В.И.Лениннің 100 жылдығы», Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерекелік медальдарымен, облыстық партия және облыстық кәсіподақ комитеттерінің Құрмет грамоталарымен бағаланған. Облыс көлеміндегі дербес зейнеткер.

2007 жылы 28 қарашада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Мақұлбек Әлхамұлына IV шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының II сессиясының №2/18-IV шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
31 января 2023
Дата обновления
01 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы