Меню

Страницы

Статья

Базарбаев Қалиқан Базарбайұлы

 БАЗАРБАЕВ ҚАЛИХАН БАЗАРБАЙҰЛЫ 1922 жылы 11  мамырда Чернова  ауылында   дүниеге келді. 1930-1940 жылдар аралығында Шыңғыстай орта мектебінен білім алды. Орта мектепті бітірген жас жігіт армия  қатарына  алынғанға  дейін  Пахомов  атындағы   ұжымшарда  есепші болады. Ел басына күн туған 1941 жылы ауыл азаматтарымен бірге Ұлы Отан соғысына аттанады. Семей қаласындағы командирлер даярлайтын курста алты ай оқығаннан кейін, 1942 жылдың ақпан айында Москва түбіндегі Волокаламск тас жолында ұрысқа кіреді. 1943 жылы қатты жараланып, Бакудегі әскери госпитальда емделеді.  Майданнан  оралғаннан  соң  алғашында «Красный Восток» ұжымшарында ферма меңгерушісі, 1954 жылдан бастап «Пахомов» атындағы ұжымшар  төрағасының  орынбасары, 1957 жылдан бастап  «Чернова»,  «Алтай», «Коробиха»  кеңшарларында  бөлімше  басқарушысы болады.  Зейнеткерлікке  шығар  алдында төрт  жыл «Чернова» кеңшарында  директордың  орынбасары  болып қызмет атқарды. Қалихан ақсақал  зейнеткерлікке шыққан соң да қатардан қалмай еңбек етті. Жұбайы Әшкен апа екеуі он бала тәрбиелеп жеткізді. Өмірден көргені көп Қалихан ата Аққайнар ауылының ақылшысы және құрметті қариясы бола білді.  Қалихан ақсақалдың еңбегі өкімет тарапынан әділ бағаланып, «Отан  соғысы» орденімен, «Ерлігі  үшін»,  «Германияны  жеңгені  үшін» ,  «Тың  және  тыңайған  жерлерді игергені  үшін»    және  тағы басқа  мерекелік    медальдармен  марапатталған. 
2004 жылы 2 маусымда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына  қосқан зор үлесі үшін Қалихан Базарбайұлына III шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  VI сессиясының  №6/14-III шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Дата публикации
30 января 2023
Дата обновления
26 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Тюлегетаев Қабдолда Ақпайұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы