Меню

Страницы

Статья

Мәслихаттың тұрақты комиссиялары

Бюджет, қаржы және ауданның экономикалық  даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: аудандық бюджетті қалыптастыруға, бекітуге және орындалуын бақылауға қатысу; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарау, олардың орындалуы туралы есептерді бекіту. Комиссияның қорытындыларын шығару; бюджет қаражаттарын үнемдеу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды аудандық мәслихат сессиясына енгізу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған  мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдау; бюджет, экономика, өңірлік даму проблемалары бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтар өкілдерінің қатысуымен комиссияның кеңейтілген мәжілістері түріндегі көпшілік тыңдауларды өткізу; өзінің аудандық мәслихаттағы қызметі туралы жылына кемінде бір рет есеп беру. 

Төрағасы: Тыныбеков Жанболат Батталұлы  
Комиссия мүшелері:
Ахметова Айнаш Әлмұхамбетқызы

Әлеуметтік даму және тұрғындардың мүддесін қорғау мәселелері жөніндегі комиссия

Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: комиссия құзыреті шегінде аудандық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша әлеуметтік саладағы істердің жағдайын талдау және зерттеу, ақпаратты қорыту; тұрақты комиссия жетекшілік ететін салалар бойынша бюджет процесіне қатысу; комиссияның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша негіз қалаушы құжаттарды қабылдау және оларды аудандық мәслихат сессиясына енгізу; аудандық мәслихаттың нормативтік-құқықтық актілері мен басқа да құжаттарының жобаларын қарау, комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тұрақты комиссияның қорытындыларын дайындау; әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек, білім беру, мектептен тыс және мектепке дейінгі тәрбие, тұрғындарды жұмыспен қамту, мәдениет, спорт және жастар саясаты мәселелері саласындағы саясатты жергілікті деңгейде қалыптастыруға қатысу, соның ішінде  дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар жұмысына және т.б. қатысу; әлеуметтік сала мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу бөлігінде ауданның атқарушы билік органдарымен бірлескен жұмыс жүргізу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған  мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының ақпараттарын тыңдау; әлеуметтік сала проблемалары бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының басшыларына депутаттық өтініштер (азаматтардың хаттарымен және өтініштерімен жұмыс істеу); әлеуметтік сала мәселелері бойынша заң жобаларына ұсыныстар әзірлеу; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында депутаттардың, атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, азаматтар өкілдерінің қатысуымен комиссияның кеңейтілген мәжілістері түріндегі көпшілік тыңдауларды өткізу; өзінің аудандық мәслихаттағы қызметі туралы жылына кемінде бір рет есеп беру.

 Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия

Тұрақты комиссияның негізгі функциялары мен өкілеттіктері: аудандық мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер бойынша істердің жағдайын тексеру және қорытындылар беру, комиссия құзыреті шегінде мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсыну; қоғамдық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; Катонқарағай әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімімен өзара әрекет ету, заңдылық және азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықта болу; комиссия құзыретіндегі мәселелер бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері ұйымдарының, лауазымды тұлғаларының қажетті ақпараттарын тыңдау; тұрақты комиссияның құзыретіне жатқызылған аса маңызды және маңызы бар мәселелерді талқылау мақсатында көпшілік тыңдаулар өткізу; аудандық мәслихат депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелері бойынша аудандық сайлау комиссиясының ұсыныстарын қарау; аудандық мәслихат депутаттарының депутаттық этиканы бұзуы туралы материалдарды қарау. 
 

Төрағасы: Қалибеков Даурен Тоқтасынұлы
Комиссия мүшелері:
Байғонысов Айбек Құрмашұлы

 

Дата публикации
13 декабря 2022
Дата обновления
13 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

26 декабря 2025
Аскаров Әлібек Асылбайұлы
23 декабря 2025
Абраимов Жомартқан Қасенұлы
21 октября 2025
Жуасов Асан Айтқұмашұлы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы