Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу туралы

КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ

ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

_________________ №_____

Үлкен Нарын ауылы

 

АКИМАТ

КАТОН-КАРАГАЙСКОГО РАЙОНА

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

_________________ №_____

         село Улкен Нарын

 

КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ

МӘСЛИХАТЫ

ШЕШІМ

_________________          №_____

Үлкен Нарын ауылы

 

КАТОН-КАРАГАЙСКИЙ

РАЙОННЫЙ МАСЛИХАТ

РЕШЕНИЕ

_________________          №_____

                   село Улкен Нарын

Катонқарағай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 - бабының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31-баптарына және Катонқарағай ауданы халқының пікірлерін ескере отырып, Катонқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігіне және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына ұсыныс енгізу:

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданын бөлу жолымен келесі әкімшілік-аумақтық бірліктер құрылсын:

1) Катонқарағай ауданы, әкімшілік орталығы - Катонқарағай ауылында, Белқарағай, Ақсу, Коробиха, Катонқарағай, Аққайнар, Жамбыл, Өрел ауылдық округтерінің шекараларында, жалпы көлемі 940,8 мың гектар ауданымен;

2) Үлкен Нарын ауданы, әкімшілік орталығы - Үлкен Нарын ауылында, Новохайрузовка, Үлкен Нарын, Солоновка, Новополяковка, Алтынбел, Солдатово ауылдық округтер шекараларында, жалпы көлемі 378,3 мың гектар ауданымен.

  1. Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қарауына Шығыс Қазақстан облысында құрылатын ауданға Үлкен Нарын ауданы атауын беру туралы ұсыныс енгізілсін.
  2. Осы бірлесіп жасаған әкімдік қаулысы және мәслихат шешімі қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Катонқарағай ауданының

әкімі                                 Д. Қалиқан

 

Катонқарағай аудандық мәслихатының

төрағасы                               Б. Болаев

 

 

Дата публикации
02 октября 2023