Меню

Страницы

Статья

Профилактика правонарушений

Катонқарағай ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия тұрақты негізде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша комиссия бекіткен жоспарға сәйкес нақты жұмыстар жүргізуде.
Ауданда 36 мектеп жұмыс істейді. 2021 жылдың 1 қыркүйекте мектептердегі оқушылар саны 3156 құрады. Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу үшін 36 мектепте 37 психолог, 5 әлеуметтік педагог және сынып жетекшілері жұмыс жасайды.
Мектепішілік есепте тұрған оқушылар саны 2020-2021 оқу жылмен салыстырғанда 4-тен 2-ге есеге азайды. Катонқарағай аудандық полиция бөлімінде 1 кәмелетке толмаған бала есепте тұр. Ауданда 2021-2022 оқу жылында жағдайы нашар отбасылар саны 8 құрады, оларда 12 оқушы тәрбиеленуде.
Аудан мектептерінде жыл бойы оқушылар, сынып жетекшілері, психологтар және әлеуметтік педагогтар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мектеп психологтары әлеуметтік педагогтармен бірге "қиын балалармен", қолайсыз отбасылармен жеке әңгімелесулер өткізеді. Ата-аналар жиналыстарында жасөспірімдер ортасының мәселелері, шиеленіскен жағдайларды дер кезінде шешу, қиын өмірлік жағдайларда оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында оқытылады:
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру, спортпен айналысу және оларды мәдени-ойын-сауық іс-шараларымен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде..
Ауданның 36 мектебінде спорттың 14 түрі бойынша 180 спорттық секциялар жұмысын жалғастыруда, 2756 балалар мен жасөспірімдерді, соның ішінде есепке алудың барлық түрлерінде тұрған балалар. (СЮТ-115, ДДТ – 574, БММ – 172, БЖСМ-890 бала).
Аудан мектептерінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестердің отырыстары тұрақты түрде өткізіледі, оған оқушылар мен ата-аналар шақырылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарының, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін іске асыруда үйлестіруші және бағыттаушы орталық болып табылады. Комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мақсатты профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Дата публикации
13 января 2022
Дата обновления
13 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
04 апреля 2023
Аудан мектептерінде түлектер арасында кәсіби өзін-өзі анықтауды қалыптастыру
Есеп
20 марта 2023
күні ведомствоаралық сараптама тобы Үлкен Нарын ауылындағы Қ.Дамитов атындағы орта мектебі, Үлкен Нарын орта мектебі жәнн Үлкен Нарын ауылдыш лицейіндегі ыстық тамақ ұйымдастырылуы бойынша мониторинг жүргізілді

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы