Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі аудан мектептерінде түлектер арасында кәсіби өзін-өзі анықтауды қалыптастыру мақсатында кәсіптік бағдар-беруге жоспар құрылып, соған сәйкес белгілі бір жұмыстар атқарылуда.
2022-2023 оқу жылында ауданның 9-11 сынып оқушыларымен
- «Заманауи білім» онлайн форумы өткізіліп, оған 217 түлек қатысты.
- «Мектеп бітіруші түлектерге еңбек нарығына қажетті мамандықтар туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
- Өскемен қаласында орналасқан орта білім беру ұйымдарының өкілдерімен онлайн ашық есік күні өтті.
- ШҚУ, ШҚТУ университетінің, Шекара қызметінің академиясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы өкілдерімен кездесулер өтті.
- Қазақстан-Американдық еркін университетінің өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, бұл шарада 98 түлек қамтылды.
- EduNavigator.kz платформасында мамандық таңдауға арналған «Кәсіби навигация» жобасы аясында онлайн тестілеуінен өтті.
- Аудан мектептерінде облыстың колледждері мен жоғары оқу орындары туралы стендтермен жабдықталған аудан кәсіпорындары туралы мәліметтер ілінді.
Мектеп түлектерінің ата-аналарымен мамандықтар туралы тоқсан сайын дөңгелек үстелдер, тренингтер, түсінік жұмыстары өткізіліпотырылады.